Әлеуметтік желіде Тоқаевтың баннердің жанында түскен суреті пікірталас тудырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы іссапары барысында түскен суреті әлеуметтік желі қолданушыларын шулатты. Желі пайдаланушыларының айтуынша, суреттегі "Біз біргеміз" сөзінің ағылшынша аудармасында қате жіберілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сурет Ақорда сайтында жарияланған болатын. Тоқаев Алматыдағы іссапар барысында бірнеше нысанның жұмысымен танысып шыққан еді. Оның ішінде алматылық әуежай да бар. Қате кеткен баннер суреті мобильді скрининг орталығында жасалған.
"Біз біргеміз" тіркесін ағылшын тіліне "We together" деп аударыпты. Алайда оның дұрыс нұсқасы "We are together" болады ғой", - деп жазыпты желі пайдаланушысы
Айта кетерлік жайт, осы сынды қысқартылған тіркестер желілерде жиі қолданылады. Мәселен, "Stay home", яғни "Үйде бол" тіркесінің дұрыс жазылуы "Stay at home" екен.
Осы тұрғыда ҚР президенті кәсіби дипломат ретінде ағылшын тілін қосқанда бес тілде сөйлей алатынын ескеру қажет.
Ең қызығы, сурет қазіргі таңда Ақорда сайтынан өшірілген.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді