Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлеуметтік желіде бір-бірімізді оқымаймыз": Актер Жан Байжанбаев алғаш рет жұбайын көрсетті

Танымал актер Жан Байжанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет әйеліне жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/zhan_baizhanbayev/baizhanbaevagulnara

Өнер иесі көпшілікті мазалап жүрген сауалға жауап берді.

“Сәлем, достар! Көпшілік менен “неге әйеліңнің суретін жарияламайсың” деп сұрайды. Бүгін әйелімді көрсетемін, себебін бүгін оның туған күні. Жұбайым туралы қысқаша мәлімет: жұлдызы – таразы, есімі Гүлнәр. Оның суретін жариялағанымды білсе, мені оңдырмайды, себебі көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды. Әйеліме бірнеше мәрте киноға түсуге ұсыныс түсті, бірақ ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. Ол мансапқұмарлықтан ада, тіпті менімен бірге фильм премьерларына, фестивальдерге да еріп бармайды. Мен өмірімде әйелімнен асқан әдепті, адал жан кездестірген емеспін. Жұбайым өсек, қызғаныш, екіжүзділік, сараңдық, тәкаппарлық деген жағымсыз қасиеттерден ада. Ол өзіне біреудің аянышпен қарағанын жек көреді. Сондай әңгімешіл, қалжыңбас адам. Онымен танысқан жандар әйеліммен әңгіме айтып, дос болғысы келеді. Бірақ ол үшін ең жақын құрбылары – өз қыздары. Менің туыстарым, отбасылық достарымыз бен күйеу балаларымыз оны өте қатты жақсы көреді, сыйлайды. Өйткені ол ешкімді әурелегісі келмейді”, – дейді Жан Байжанбаев.

Актер жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Арасында біз де жанжалдасып тұрамыз. Менімен бірге азық-түлік алуға базарға барғысы келмейді. Мұндай шаруларамен өзі айналысқанды жақсы көреді. Шағын тұрмыстық техникаларды өз жөндей береді. Оған қоса, тігумен, тоқумен айналысады және дәмді тағамдар әзірлейді. Оның тоқыған қуыршақтарын әжептәуір қаражатқа сатуға болады. Бірақ ол ешқашан сатып көрмеген. Өте батыл. Жас кезімізде екеуіміз кездесіп жүрген кезде мен келеңсіз жағдайларға тап болып, көшеде төбелесіп қалатынмын. Сондай сәттерде 45 келі салмағымен мені қорғап, жанталасатын. “Маған тон (шуба), көлік, алқа алып бер” деп сұраған емес. Гүл шоқтарын да әйеліме сирек сыйлаймын. Мұныма өкінемін, бүгін сыйлаймын. Бір көлікпен жүргеніне 12 жыл болды, ауыстырғысы жоқ. Достарын да ауыстырмайды, сатпайды. Дүкен аралағанды ұнатпайды, бренд заттарға құнықпайды. “Жаным, махаббатым, сүйіктім, қымбаттым, марғауым, көжегім” деп атағанды жек көреді, мұндай сөздер оның сөздік қорында мүлдем жоқ. Махаббатын сөзбен емес, іспен көрсететін жан. Біз тіпті әлеуметтік желіде бір-бірімізді оқымаймыз. Туған күніңмен, жаным”, – деп әсерлі жазба қалдырды өнер иесі.

 

Талқылау