Соңғы кезде кең тараған жалған ақшаларды ажырата білуге үйрететін ролик таралды (видео)
Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс мессенджерлері арқылы 2014 жылы “Мәңгілік ел” сериясымен (банк қызметкерлері ол серияны “Самұрық” деп атайды – авт.) шыққан 1000 теңгеліктің айнытпай шығарылған жалған купюралары туралы бейнебаян тарады.
Ролик авторының айтуынша, оның түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ, алайда «жалған 1000 теңгелікте» Ұлттық банк төрағасының қолы қойылмаған.
“Міне, қараңыз, жаңа мың теңге. Бәрі оригинал, қолы қойылған. Міне, төрағаның қолы қойылған. Осындай ақша пайда болған қазір. Енді, қараңдар, міне, мың теңге, мынада қол қойылмаған ұлттық банктің, міне, мынада бар. Жалған ақша, бірақ қағазы біп-бірдей. Сондықтан байқаңдар! Бүгінге мынау үшіншісі болып тұр. Абай болыңдар, өте көп болып кетті осындай ақшалар”, – дейді ролик авторы.
Жіберіп алмаңыз:
Түпнұсқа косметиканы жасанды түрінен ажыратудың 7 әдісі (фото)
84 жастағы зейнеткер қашып бара жатқан ұрыны шалып құлатты (видео)
Үйірін қорғаған айғыр мотоцикл мінген жігіттерге сес көрсетті (видео)
Қызылордада жол полициясы көлік жүргізушісінің телефонын тартып алып бермей қойды (видео)