Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерден қайтуына бір күн қалған шымкенттік сарбаз ауруханаға түсіп, сал болып қалды

сарбаз әскер мүгедектік
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте Өмірбек Сұлтанмұратов армиядан үйге қайтуына бір-ақ ай қалғанда ауруханаға түсіп, денсаулығы күрт нашарлапты. Дәрігерлер жас жігіттің басына ота жасап, "менингит" диагнозын қойған. Алайда арбаға таңылған баланың ата-анасы ресми жауапқа сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сарбаздың жақындары Өмірбек Сұлтанмұратовты әскерде қатты соққыға жыққан деп санайды. 

18 жасында әскерге өз еркімен кеткен Өмірбек Сұлтанмұратов мүгедек болып оралды. Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде Ұлттық Ұлан сапында болған жігіттің жағдайы туралы комаға түскенде сарбаздың жақындары бір-ақ білген. Олар ауруханаға алып-ұшып барғанымен жігітті екі апта бойы көрсетпеген. Анасының айтуынша, ол ұлының "менингиттен" емес ауыр соққылардан сал болғанына сенімді.

“Ауырса баланы әскерден неге қарамайды? Сап-сау кетті ғой бұл. Кейін естісем, командирлеріне “ауырып жатырмын” деп айтқан екен. “Дәрігерге апарыңдаршы” десе апармапты. Әбден комаға түскен кезінде ғана дәрігерге апарған. Сонда олар бала өлгенше қарап отыра бере ме? Бұл қатты соққы жеген бала. “Түзелмейді” деді. Өзбекстан бізге сөйтіп қайтарды”, – дейді сарбаздың анасы Мадина Шұқамбаева.

Анасының сөзінше, Өмірбек тұрып, жүріп, сөйлегісі келеді. Бірақ күші жоқ. 

Дәрігерлер анасына сарбаздығ ауыр жағдайда ауруханаға түскенін айтқан. Ота жасамаса құтқара алмайтын жағдайда болған.

"Бұл бала гаймарит болмаған. Гаймарит болғанда түзеліп кететін еді”, – дейді Мадина Шұқамбаева.

Тепсе темір үзетін жігіт әскери қызметкер болуды бала кезінен армандаған екен. Көкпар тартып, түрлі спорт түрінен жарыстарға да қатысқан. Кенжесінің бетінен қаққысы келмеген әкесі Шымкенттегі әскери комиссариатқа өзі жетектеп алып барғанына әлі күнге дейін өкінеді.

“Өзім апарып бергеніме өкінемін. Қолынан әскери комиссариатқа апарып, қолынан ұстатқаныма өкінемін. Олардың үйреніп алған сөзі “еркексің, еркексің” дей береді екен барлығына. Бүйтіп еркек болмай-ақ қойсын. Барлық ата-аналарды шырылдатып. 3,5 жыл болды жүргенімізге. Кім жәрдем береді? 850 мың теңге сақтандыру беріп қояды екен. Соны қолыңа ұстатады да жіберіп жібереді. Болды. Сонымен барлық ауыртпашылықтың барлығын өзіңе іліп өзіңмен өзің жүресің ”, – дейді Өмірбек Сұлтанмұратовтың әкесі.

Үш жылдан бері баласын ауруханаларға тасып, қаратып жүрген ата-анасы бұл істе шикілік көп екенін сенімді. Олар сарбаздың мұндай мүшкіл жағдайға қалай түскенін сол күйі біле алмаған. Себебі қылмыстық іс те қозғалмады деп қынжылады. Ең өкініштісі, бар шындықты Өмірбек Сұлтанмұратовтың өзі де айтып бере алмайды. 2023 жылдан бері төсекке таңылған жігіт ата-анасын бертінде ғана таныған.

Сарбаздың ата-анасы ұлының мүгедек болу себебін сұрап Ішкі ітер министрлігіне де сұраныс хат жолдаған. Бірақ әзірге жауап жоқ. 

 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 08:57