"Алтын Ордадағы" кептеліс жылдар бойы Алматыны бітеп келе жатыр
Алматы қаласының тұрғындарының жылдар бойы “бас ауруына” айналғандардың бірі “Алтын Орда” базары маңындағы кептеліс. Осыған орай тұрғындар жол қозғалысын жақсартуды және көлік қозғалысына кедергі келтіретін мәселелерді жоюды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жолды кеңейткенімен, мәселе шешіле қоймады. Қозғалысқа аялдамалар маңындағы ресми емес сауда мен жол бойындағы такси тұрақтары кедергі келтіреді. Ал қоғамдық көлікке асыққан жолаушылар үшін жағдай қиындай түседі.
“Кептеліс өте жиі және жүру өте ыңғайсыз, біз арғы бетке бара алмаймыз. Ескі-құсқы дүкенің де бар. Жер асты өткелін олар оны жасай ала ма, жоқ па білмеймін. Бірақ бұл жерден өту мүмкін емес, автобустар мүлдем тоқтамайды”, – деді қала тұрғыны.
Атлмыш мәселеге қала құрылыс жөніндегі сарапшы Әдия Қарсыбек жауап берді. Оның айтуынша, мәселелерді бөлек-бөлек шешу жеткіліксіз, ол үшін кешенді шаралар қажет. Бұл тек көлік мәселесімен шектелмей, қала құрылысын да қамтуы тиіс.
“Ең бастысы – қоғамдық көлікті дамыту және қала тұрғындарының жеке көлікке тәуелділігін азайту. Қаланы жоспарлау кезінде тұрғындардың қоғамдық көлікпен жүруіне қолайлы жағдай жасау керек. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге және велосипед сияқты көліктің баламалы түрлерін пайдаланатын адамдарға ыңғайлы орта қалыптастыру маңызды”, – деп жауап берді сарапшы.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жеке тұлғалармен жасалатын автолизинг шарттары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері белгіленді.
Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалуы мүмкін: Мемлекет табысты қалай есептейді