Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25 жастан асқандарға 50 мың теңге: Еңбек министрлігі төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні туралы ақпаратқа сенбеуге шақырды. Айтуларынша, бұл – алаяқтардың жаңадан ойлап тапқан құрығы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels

Алаяқтықтың жаңа схемасына сәйкес қазақстандықтарға хабарлама келуде. Онда: “1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 мың теңге аударылады”, – делінген. 

Алайда министрлік мұны фейк деп атап, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

“Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз”, – делінген ведомство хабарламасында. 



Құзырлы органдар қандай да бір мемлекеттік қолдау туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын жеткізді. Ал жалған ақпарат таратудың заңмен жазаланатынын ескертті.

Талқылау