AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қызметкер деген кім? Қазақстанда мұндай маман көмегін кім ала алады?

Бүгінде елімізде мүкіндігі шектеулі, мүгедек, қарт адамдарды қоғамға бейімдеу мәселесіне ерекше ден қойылып отыр. Бұл істе әлеуметтік қызметкерлердің алатын орны ерекше.

Әлеуметтік қызметкер –  арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар мамандық иелері. 

Әлеуметтік қызметкердің көмегіне кімдер жүгіне алады?

Елімізде әлеуметтік қызметкерлер 5 санаттағы азаматтар жәрдемдеседі. Атап айтсақ, психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға, тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқандар мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға және бірінші, екінші топтағы мүгедектер әлеуметтік қызметкерлердің көмегін пайдалана алады.

Әлеуметтік қызметкер қандай жұмыс атқарады?

Әлеуметтік қызметкер қызмет алушыларға 8 түрлі қызмет көрсетеді. Ондай мамандар адамдарды әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық салалар бойынша көмектеседі. Әлеуметтік қызмектерлер бір адамға аптасына екі мәрте 1,5 -2 сағаттан уақыт бөледі. 

Әлеуметтік қызметкер тағайындалу үшін не істеу керек?

Мүгедектік алу үшін науқас медициналық әлеуметтік сараптамадан өткенде оған жеке оңалту бағдарламасы тағайындалады. Соның нәтижесінде шешім шығарылады. Жергілікті атқарушы органның шешімі шыққаннан кейін адамға әлеуметтік қызметкер бөлінеді. Әлеуметтік қызметкер әр адамның үйіне барып жұмыс кестесін жасап, қолайлы уақытты таңдайды. Жеке жұмыс жоспары жасалынады. Күнделікті қандай жұмыстар атқаратыны белгіленеді. Айына бір рет бөлім басшылары сараптама жасап отырады.

Әлеуметтік қызметкер бірнеше саланы меңгеруі керек. Ол дәрігер де, заңгер де, ұстаз да, психолог та бола алуы қажет. Өйткені әлеуметтік қызметкер көмегіне жүгінетін адамдардың жағдайы әртүрлі. Осы бір қиын да қызыққа толы мамандық туралы бірнеше әлеуметтік қызметкермен тілдесіп көрдік. Әлеуметтік қызмектер болу адамның мінезі мен ішкі болмысына байланысты екенін айтты мамандар.

Солардың бірі – Шолпан Нұрғожаева Алматы қаласы Алатау ауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің маманы.  Шолпан Текесбайқызының бұл салада қызмет еткеніне он жылдан асқан. Ол тек баламен ғана емес, баласы мүгедек ата-анамен де жұмыс істеудің маңызды екенін айтып берді. 

“Бұл салада қызмет еткеніме он жылдай уақыт болды. Бұрын 22 жыл мектепте математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарғанмын. Бұл жерде біз тек қана баламен емес, отбасымен де жұмыс істейміз. Бала жаңадан мүгедектік алған кезде ата-ана қиын жағдайға түседі. Бұл біздің жұмысымыздың ең ауыр тұсы. Біз бірінші ата-анамен жұмыс жасап, оларды психологиялық күйзелістен шығарамыз. Артынша, ата-ана баласының жағдайын мойындап, соған көндіккенге дейін үнемі бақылап отырамыз”, – дейді ол. 

Шолпан Нұрғожаеваның сөзінше, әлеуметтік қызметкер болу үшін адам күйзеліске төзімді, жан-жақты, мейірімді әрі баламен жұмыс жасай білу керек. 

“Ата-ана қалыпқа келген кезде баланың диагнозын біліп, бірлесе отырып жұмыс жоспарын жасап, бала үшін жан-жақтан күш саламыз. Бір қызметкердің қарамағында 6-8 балаға дейін болады. Біз мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімделу кезеңінен өткенге дейін, күндізгі бөлімдерге барып, өзіне өзі қызмет көрсете алатын деңгейге жеткенге дейін бақылаймыз. Әлеуметтік қызметкер болып өз жұмысын жақсы көретін, балаға шын мәнінде жаны ашитын, кең жүректі, күйзеліске төзімді адамдар ғана жұмыс істей алады”, – дейді Шолпан Нұрғожаева. 

Маман әлеуметтік қызметкер атанғаннан кейінгі ең алғаш жұмыс істеп жүрген кездерін еске алды. Сөзінше, ол қазір бұл жолда таңдағанына өкінбейді. Шолпан Нұрғожаева әрбір мүмкіндігі шектеулі баланың көзінен кішкентай үміт сәулесін көрудің өзі бақыт екенін айтады. 

“Ең алғашқы жылдары менде де күйзеліс болды. Үйге келіп, түнімен жылап, шошып оянатын едім. Кейбір кездері кетіп қалсам ба екен деген де ой келген. Бірақ мен де, басқалары да кетіп қалса, балалар кімге керек болады деп ойладым. Содан да болар, осы күнге дейін жұмыс істеп келемін. Маған жұмысым қатты ұнайды. Мен әлеуметтік қызметкер болып жүріп көп тәжірибе жинадым. Баланы ала салған кезде әуелі оның диагнозын, отбасын, жағдайын зерттейміз. Осылайша баланы шамамыз келгенше өмірге бейімдейміз. Аяқ-қолының барлығы қисайып кеткен балаға барасың, тіпті жақындауға қорқасың. Жанына жақындау да қиын еді. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер мұндай жағдайларды толық қабылдай алатын, сол балаға көмек көрсеткісі келіп тұратын, мейірімді, адам болуы керек”, – дейді маман.  

Тілепова Ақмарал Тағайбекқызы Алматы қалалық Медеу ауданына қарастыауданы әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің мүгедек балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің маманы. Ақмаралдың бұл салаға келуіне өзінің ұлы себеп болыпты. 

“Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс жасап жүргеніме 11 жыл болды. Науқас балалар болғандықтан, анда-санда қиындықтар болып тұрады. Бұл салаға келуімнің басты себебі – өзімнің мүмкіндігі шектеулі ұлымның болуы. Сол ұлымды орталыққа алып барып жүрген кезімде, балама көрсеткен қамқорлықты басқа балаларға неге көрсетпеске деген ой келді. Әлеуметтік қызметкер ретінде жұмыс істеп жүргеніме қатты қуанамын. Бұл маған арналған мамандық екенін түсіндім. Өйткені өзім мейірімді, сабырлы адаммын, балалармен жұмыс істегенді жақсы көремін. Өзімнің ұлым сияқты балаларға көмектесіп, ата-аналарға білгеніммен бөлісіп, олардан да тәжірибе алып келемін. Қазір алты балаға қызмет көрсетемін. Тіпті ата-аналар маған сенімхат беріп қойған. Балаға қажеттіні мен өзім істеп, арнайы сараптамаларынан да өзім өткізіп, үйден білім алуын қадағалаймын”, – дейді Ақмарал. 

Ақмарал Тағайбекқызы қызмет көрсететін балалардың ата-аналары да әлеуметтік қызметкер екінші анамыз болып кеткен дейді. Сол аналардың бірі Шынар Темірболатқызы ұлы Ерсұлтан үшін әлеуметтік қызметкердің орны ерекше екенін айтады. Қандай жағдай болмасын, жанымыздан тыбылып, қолдау көресетеді, деп Ерсұлтанның анасы әлеуметтік қызметкерлерге алғысын білдірді. 

“Менің ұлым Ерсұлтан қазір 17 жаста. Бастапқыда балам Ақмарал Тағайбекқызына үйрене алмайды деп ойладым. Бірақ барлығы керісінше болды. Ерсұлтан Ақмаралды екінші анам деп есептейді. Үнемі екі анам бар деп айтып отырады. Ұлым оны қатты жақсы көреді. Ақмарал әлеуметтік қызметкер емес, біздің отбасымыздың бір мүшесіне айналып кетті. Ерсұлтанның бірде-бір мерекесі Ақмаралсыз өтпейді. Тіпті кейбір кезде менің орнымды толықтырып, балама бере алмай жатқан мейірімді Ақмарал Тағайбекқызы береді. Мен ауырып қалған кезде де Ақмаралдың арқасында ұлым менің ауырғанымды сезбей де қалды. Ол кең жүректі, мейірімді, керемет адам. Жалпы әлеуметтік орталықтағылардың барлығы да өзінің жұмысына ерекше мән беріп қарайтын, жауапты, балалар үшін жанын салатын адамдар. Бастапқыда, әлеуметтік қызметкер деген кезде үрке қарайтын едім. Кейін келе шынымен бізге жаны ашитын, баламды уайымдайтын, оның өміріне алаңдайтын адам екенін ұғындым. Мүгедек баласы бар ата-ана өзін ешкімге керексіз, қоғамнан алыстап қалғандай сезінеді. Тек ұлыма ғана емес өзіме де осы әлеуметтік қызметкерлер көмек берді. Біз Ақмарал Тағайбекқызын қатты жақсы көреміз. Осы уақытқа дейін бізге шынайы қамқорлық танытқанына қанша алғыс айтсақ та жеткіліксіз болар. Біз осы әлеуметтік қызметкерлердің арқасында өзімізді қоғамның толыққанды мүшесі ретінде санаймыз”, – дейді Шынар Темірболатқызы. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтерілетіні туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр