Домбыраны "ібілістің жыныс мүшесіне" теңеген қазақстандық түрме жазасына кесілді

TikTok-та алауыздықты қоздырған ақтөбелік ер адам домбыраны “ібілістің жыныс мүшесіне” теңегені үшін үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 сәуірінде сотталушы TikTok әлеуметтік медиа платформасында А деген атпен тіркеліп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерін "тозақ иттері" деп атап, домбыраны "ібілістің жыныс мүшесімен" салыстырды.
"Ақтөбе қалалық №2 соты 174-баптың 1-бөлігі “Діни алауыздықты қоздыруға және ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті немесе БАҚ пайдаланатын азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер” бойынша айыпталған К-ға қатысты қылмыстық істі қарады. 4 маусымдағы сот үкімімен сотталушы К кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.
Бұл 35 жастағы Азат Қонысов екені белгілі болды. Ол сотта кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін және оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Үкім жарияланғаннан кейін сотталған адамның әкесі ұлы үшін кешірім сұрады.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз