Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақымның бәрін балаларға беремін": Михаил Шайдоров қазақстандық балаларға берген уәдесін орындады

Михаил Шайдоров
Фото: Mikhail Shaidorov / instagram

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балаларға спорттық жабдықтарға сертификат табыстағаны туралы жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрлігі Михаил Шайдоровпен келісімшартқа қол қойылғанын жариялағаннан кейін, спортшы бұл мәлімдемеге түсініктеме берген жоқ. Үш күннен кейін Олимпиада чемпионы Алматы қаласының №3 спорт мектебінің жас мәнерлеп сырғанаушыларына сыйлықтар беріп жатқан видеосын жариялады.

“Бүгін мен Алматы қаласының №3 спорт мектебінде мәнерлеп сырғанайтын балалармен кездесіп, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оларға спорттық құрал-жабдықтарға сертификаттар бердім. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет! Балаларға оң эмоциялар мен өздеріне деген сенімділік сыйлай алғаныма өте қуаныштымын. Мен біздің керемет спортымызда көбірек балаларды қолдауға тырысамын", – деп жазды Михаил Шайдоров.

Еске салсақ, Михаил Шайдоров жалақысын алса, оны балаларға көмек ретінде жұмсайтынын айтқан еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 04 Маусым, 2026 16:22