Әлемге әйгілі аспаз Ерке Есмаханға Түркияда ас дайындап берді
Етті дайындау тәсілімен әлемге танылған аспаз Нұсрет Ерке Есмаханға өз қолымен ас дайындап берді. Ерке Түркияға сапары барысында Нұсреттің мейрамханасына арнайы кірген. Әнші Нұсретпен осымен екінші рет кездесіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Азамат Зенкаевпен айырылысқан Ерке бұл жолы саяхатқа жалғыз шыққанға ұқсайды. Әнші желідегі парақшасында Ыстамбұлдағы әдемі кадрлармен бөлісіп жүр.

Әнші Ыстамбұлда тұрып жатқан қазақ ақыны Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақтады. Айтыскер жуырда туған күнін тойлаған Еркеге гаухар тасты жүзік сыйлады.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"