Әлемдік экономика 4 пайызға қысқарады
Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов коронавирус пандемиясына байланысты әлемдік сауда 32 пайызға қысқарады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Даленовтың айтуынша, халықаралық ұйымдардың жаңартылған болжамдары бойынша 2020 жылы әлемдік экономика 4 пайызға, ал әлемдік сауда 32 пайызға қысқарады.
"Жыл басынан бері мұнай 50 пайызға арзандады, металл бағасы орта есеппен 16 пайызға төмендеді", - деді ол.
"Сонымен бірге, әлемдік экономика, сауда және инвестициялар ағымының одан әрі құлдырау қаупі бар. Жаһандық және аймақтық жеткізілім тізбегі үзілді, сұраныс төмендеуде", - деді министр.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын