Әлемдегі ең танымал сусынның бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады
Соңғы 47 жылда кофенің әлемдік бағасы ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
"МилФудс"компаниясының мәліметінше, өткен жылы робуста екі еседен астам, ал арабика 80 пайызға қымбаттаған. 31 қаңтарда арабиканың биржалық құны тоннасына 8,25 мың доллардан асты.
Арабика жеткізілімдері ауа-райының қолайсыздығы мен дақылдың аз өнімділігіне байланысты азаюы мүмкін. Сонымен қатар, қоймалардағы қордың бағасына биржалық заңнамалық бастамалар мен инфляция әсер етеді.
Қаңтар айының соңында сарапшы Антон Тренин қазір нарықта айтарлықтай кофе тапшылығы жоқ екенін жеткізді. Оның пайымдауынша, тапшылық қаупі туралы Бразилия мен Вьетнамда егін жинау туралы ресми мәліметтер пайда болғаннан кейін ғана айтуға болады. Себебі бұл екі мемлекет әлемдегі ең ірі кофе жеткізушілер болып саналады.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан