Әлемдегі ауасы ең лас қала анықталды
Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево әлемдегі ауасы ең лас қала деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сараеводан кейінгі орында Бангладештің астанасы Дакку жайғасыпты.
Қаңтар айының басында Сараево қаласының ауа сапасының индексі 236 құрапты. Сол себепті Сараево адам өміріне ең қауіпті қала атанған.
Босния мен Герцеговинаның астанасының билігі бұл жағдайға байланысты дабыл қаққан көрінеді. Тұрғындарға далада жүргенде қорғаныш бетпердесін киіп, үйде болғанда терезелерін ашпауды ескертіліпті. Бұған қоса транспорттың қозғалысына шектеу қойылған.
Қала атмосферасының ластануы себеп болған жағдайлар ретінде Сараеводағы тоқтаусыз жүретін көлік пен үйді жылытуға ағаш отынның пайдалануы айтылыпты. Сонымен қатар аталған мемлекетте зиянды газдар қадағаланбайтын көрінеді, ал билік қуат көзін сертификациядан өткізуді ұмытқан.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді