Жасанды интеллект пластик қалдықтарымен ең көп ластанған елді атады
Британиялық зерттеушілер жасанды интеллект көмегімен әлемдегі пластик, полимер қалдықтарымен ең көп ластанған елді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nature порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Adnan Abidi / Reuters
Ұлыбританияның Лидс университетінің ғалымдары полимер қалдықтарымен ластану көлемі бойынша әлемде бірінші орында Үндістан тұрғанын айтты.
Зерттеушілер жасанды интеллекттің көмегімен бұрын-соңды жасалған полимер қалдықтарының таралуының жаһандық үлгісін жасады. Сарапшылардың пікірінше, ең қиынға соққаны пластиктің шығарындыларының қандай материалда екенін өлшеу болған. Оларға қоқыс таситын көліктерден, қоқыс жәшіктерінен қоршаған ортаға түсетін қалдықтар мен адамдардың кездейсоқ немесе әдейі лақтыратын заттары жатады.
-
"Тұнып тұрған антисанитария": Шығыс Қазақстандағы танымал саяжай қоқысқа батып жатыр
Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес, жыл сайын қалдықтарды өңдеу жүйесінен шамамен 52 миллион тонна пластик өтеді.
Полимерлі қалдықтармен ластану көлемі бойынша бірінші орынды Үндістан алады. Оның тұрғындары қоршаған ортаға жылына 9,3 миллион тонна қалдық шығарады. Екінші және үшінші орындарда тиісінше Нигерия мен Индонезия тұр. Оларда пластикпен ластануы деңгейі Үндістанға қарағанда 2,7 есе төмен.