Әлем чемпионы атанған Әлімханұлын жаңа қарсыластары жекпе-жекке шақыруда
Жеңілмейтін орта салмақтағы бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша жаңадан шыққан чемпион Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Әлімханұлы мәртебесін "уақытшадан" толыққанды әлем чемпионы дәрежесіне көтерген соң, бразилиялық спортшы қазақстандық боксшыны әлеуметтік желіде жекпе-жекке шақырды. Алайда Әлімханұлы бас тартқан болатын. Осыған байланысты Фалькао сабырға келмей, тағы да қазақ спортшысының назарын өзіне аударуды жөн көрген.
"Маған осы мүмкіндікті бер. Чемпион, сен басқалар сияқты болма. Менің сенен мықты екенімді білесің. Жекпе-жекке кел, чемпион", – деп жазды Фалькао твиттер желісінде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

