Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 веложарысында чемпион атанды
Қазақстандық "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 жарысында өз жас тобында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Винокуров жүзуден, жүгіруден және велосипедпен жүріп өтуге тиіс қашықтықты 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырды.
"Отыз жылдың ішінде Қазақстан мен біздің халқымыз үлкен қиындықтарды бастан өткерді. Сондай-ақ үлкен күш-жігердің арқасында тиісті нәтижелерге жете алған. Бүгінгі сайыстағы жеңісімді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын", – деп жазды Винокуров өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Александр Винокуров – қазақстандық кәсіби велошабандоз. Ол "Вуэльта Испания 2006" сайысының жеңімпазы және 2012 жылғы топтық жарыста Олимпиада ойыдарының чемпионы.
Александр Винокуров Астана велокомандасындағы қызметіне қайта оралады
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ