Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Винокуров Астана велокомандасындағы қызметіне қайта оралады

Александр Винокуров "Астана" велокомандасының спорт жетекшісі қызметіне оралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Astana-Premier Tech сайтындағы мәліметке сүйенсек, команда 2022 жылғы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады.

"Қазақстандық серіктестер келесі маусымда жобаны акционер және демеуші ретінде жалғастыратындарын растады. Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорт жетекшісі ретінде міндеттерін қолына алады. Велошабандоздар мен персоналды, сондай-ақ жобаның спорттық қызметін үйлестіру функцияларын өзіне алады", – делінген ресми хабарламада.

Велокоманда әлемдік велоспорттағы жоғарғы лиганың 17-маусымына дайындалып жатыр. Сайт мәліметі бойынша, жақын арада келісімшарттар ұзартылып, жаңа шабандоздар келісімге қол қоюы мүмкін.


Талқылау