Александр Бублик Германиядағы турнирдегі жеңістен кейін ATP рейтингінде жоғарылады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 санатындағы Terra Wortmann Open турнирінде керемет нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті және әлемдік рейтингтегі орнын едәуір жақсартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Финалда Бублик ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Бұл Александрдың ATP турындағы бесінші, ал Галледе екінші рет жеңіске жетуі. Ол мұнда бұған дейін 2023 жылы да чемпион атанған еді.
Турнир барысында Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді де 1/8 финалда сенсациялық түрде жеңіп, италиялық спортшының топ-20 теннисшілерінен жеңілмеген 66 матчтық сериясын үзді.
Бұл жетістіктерінің арқасында Бублик әлемдік рейтингте айтарлықтай көтеріліп, ATP классификациясы бойынша 30-орынға тұрақтады. Бұл — оның соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Бұған дейін, Александр 75-орында тұрған еді. Осылайша отандасымыз Галледегі турнирден кейін кестеде 45 сатыға жоғарылады.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

