Александр Бублик екі аптада ATP 250 турнирінде екінші рет чемпион атанды

Фото: instagram.com/atptour
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 100-орында тұрған француз Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Финалдағы жеңістен кейін Бублик ATP Live рейтингінде бес сатыға көтеріліп, 25-орынды иеленді.
Бұл Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы үшінші жеңісі және ATP турнирлеріндегі мансаптық жетінші титулы.
Бұған дейін ол мына жарыстарда жеңіске жеткен: ATP 250 Монпелье (2022), ATP 500 Галле (2023), ATP 250 Антверпен (2023), ATP 250 Монпелье (2024), ATP 500 Галле (2025) және ATP 250 Гштаад (2025).
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған

