Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп кетті
Фото: КТФ
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP турнирінде сенсациялық жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлемдік рейтингтің көшбасшысы, италиялық Янник Синнерді 1/8 финалдық кезеңінде үш сет қорытындысы бойынша — 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Бұл — Бубликтің Синнерге қарсы алған екінші жеңісі. Бірінші рет ол өткен жылы дәл осы жарыста қарсыласын жарақатына байланысты матчты тоқтатқан сәтте — 7:5, 2:0 есебімен алда келе жатып жеңген еді.
Еске салайық, жуырда ғана "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалында Синнер Бубликке еш мүмкіндік бермей, 6:1, 7:5, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.
Алайда бұл жолы Бублик шеберлігін көрсетіп, турнирдің басты фаворитін жарыстан шығарып, шөп жабындысында тамаша ойын үлгісін көрсетті.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

