Алдағы күндері жаңбыр жауып, артынша күн қатты ыси бастайды
Синоптиктер 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Алдағы күндері еліміз бойынша жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Тек батыс өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды.
Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы:
- солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін;
- солтүстікте +25+30°С дейін;
- шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін; оңтүстікте +25+38°С дейін болады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі