Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның бүкіл өңіріні Салехарда аумағынан келетін суықтың әсерінде болады. Синоптиктер елімізде аяз болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, тек еліміздің батыс өңірінде қатты аяз болмайды. Нұр-Сұлтанда қатты желдің болмайтыны үшін аяз қатты сезілмейді, дейді.

Алдағы күндері Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындарына қиын түспек. Аталған өңірлерде ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігінде -9 градус суық болады. 

«Алдағы үш күнде Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 20, 21 қараша күндері түнде ауа температурасы 28-30 градусқа дейін төмендейді. Күндіз -21-23 градус аяз болады. Тек 22 қарашада түнде -23-25, күндіз -18-20 градус аяз болады деп күтіледі. Ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің оңтүстік өңірінде жауын-шашын, боран, тұман, көктайғақ күтіледі», - дейді «Қазгидромет» РМҚ басқарма басшысы Алуа Саханова. 


Тағы оқыңыз: 2020 жылы Ораза қашан басталады

Талқылау