Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады
"Қазгидромет" еліміздегі 25-27 ақпанға арналған ауа райымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер алдағы уақытта елімізде жылу күтілетіндігін жеткізіп, бұған қоса жауын-шашын түсетінін айтып кетті. Ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.
"Алдағы күндері Сібір антициклоны ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен тұман түсуі ықтимал. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақ әкелетін атмосфералық ағындар ығысуда. Бұл фронттарды Атлант мұхитынан келетін кезекті циклон әкеледі. Сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Ағындардың батыстан шығысқа көшуіне байланысты Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі", - деп бөлісті синоптиктер.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?