Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері қазақстандықтарды салқын ауа райы күтіп тұр

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 14-16 тамызындағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің тек батыс бөлігінде ғана күн ыстық болады деп күтілуде. Қалған аймақтарда ауа температурасы төмендейді. 

“Салқын Атлантикалық ауамен қуатталатын ауқымды антициклон, Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температураның төмендеуіне алып келеді. Оңтүстікте термометрлер күндіз 22-30 жылуға, оңтүстік-шығыста 17-25 жылуға, ал шығыста 15-25 жылуға дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынуды күтуде. Мұнда температура 23-28 жылуға дейін
көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана, Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және температураның негізгі аясын 32-40 жылу аралығында болады”, –дейді синоптиктер. 

Талқылау