Қазақстанға аптап ыстық қайта оралады: Синоптиктер ауа температурасының көтерілетінін ескертті
Қазгидромет 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде +20+25℃, күндіз +33+41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18℃, күндіз термометрдің бағандары +23+35℃, солтүстік-батыста түнде +12+25℃, күндіз +25+40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21℃, күндіз +25+35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40°С" – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады