Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені елес, кемпір деп мазақтады" : Ақтаулық альбинос қыздардың анасы жұрттың түсініспеушілігі туралы айтты

Ерекше жаратылған ақтаулық альбинос апалы-сіңілі туралы жуырда хабар таралып кеткен еді. Өзгелерден ерекше болмысы үшін қиналған қыздар бүгінде фотомодель болып қызмет етіп жүр. Қыздарын алғаш рет эфирге алып шыққан анасы балалары мұндай ерекше  болып туылады деп ойламағанынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

альбинос

Айман Сарқытова үлкен қызы альбинос болып туылғанда туыс-туғандардың барлығы таңқалғанын жасырмайды. Ал қыздарының басқа балалардан  сыртқы келбетінен бөлек қандай да бір айырмашылығы бар ма деп жүргізуші Ғалым Кәлмен сұрағанда: 

"Басқа балалардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек далаға шыққанда күнге қарай алмай қиналады. Күннің сәулесіне шыдамайды. Терілері өте сезімтал болғандықтан күнге күюге болмайды. Сосын көру қабілеті төмен", - деді анасы.  

"Басында көшеден көргенде адамдар "сіздің қызыңыз ба, әкесі қазақ па, орыс па деп сұрап жататын. Сол кезде кейіп, ренжитінмін. Түрі қазақ қой, неге олай сұрайды екен деп", - алғашында адамдар тарапынан түсініспеушілік болғанын айтқан анасы үлкен қызының сырт сөзден көп қиналғанын тілге тиек етті.. 

"Әсіресе үлкен қызымыз қатты қиналды. Кішкентай кезінде есік алдында ойнауға шыққанда үйге жылап қайтып келтін. "Мені елес,  кемпір деп мазақтады" деп ренжейтін. Кіштентай бала болған соң түсінбейді ғой. Сол сөздерге көңіл күйі болмай жүретін", - деген анасы қызының мектепке барғанша осылай қиналғанын, кейін мектепте жақсы қабылдағанын айтады. 

 

Талқылау