Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альберт Линдердің інісі ұлттық құрама жаттықтырушысын допинг-тест нәтижелерін өзгертті деп айыптады

Марқұм ауыр атлетші Альберт Линдердің інісі Семен Линдер ұлттық құраманың жаттықтырушысын допинг-тест нәтижелерін өзгертті деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Cпортшының бауыры Семен Линдер Instagram парақшасында Ұлттық допингке қарсы орталықтан жауап алғанын мәлімдеді.

"Альберттің өлімінен кейін де ол оған жала жапты! Седов өзінің лас әрекеттерін ақтамақ болды. Сұхбаты мен полиция тергеуінде ол Альберт допинг бақылауынан өтпеді, сынағы таза шықпады деді! Бірақ Альберт әрқашан адал және таза болған. Бұл Седовтың Альберттің орнына  бауыры Седов Владимирді жарыстарға жіберу мақсатында жасалған алаяқтық. Ал енді Седов жалған куәлік бергені және БАҚ-та жала жапқаны үшін сотта жауап береді!" – деп жазды Семен Линдер.


Альберт Линдердің өлімі: Қазақстандық ауыр атлеттер ұлттық құрамадағы сұмдықты жайып салды 


Допингке қарсы ұлттық орталықтың жауабында Альберт Линдердің спорттық мансабы кезінде тыйым салынған заттарды қолдану фактілері анықталмағандығы айтылды.

2013-2018 жылдар аралығында ауыр атлетші Линдер 29 сынама тапсырған.

 

Еске салсақ, 17 қыркүйекте 26 жастағы қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Ол жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Алматы облысының полиция департаменті ауыр атлеттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.

 

Талқылау