Алаяқтар жарты жылдың ішінде қазақстандықтардың 65 миллион теңгесін қолды еткен
Шымкент қаласының 6 тұрғыны 27 қазақстандықты алдап, жарты жылда 65 миллион теңгені қолды еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды және басқа да аймақтардың тұрғындары бар. Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін Шымкент пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды.
“Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары “дропперлерді ” тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан”, – делінген ақпаратта.
Полиция қылмыстық істі сотқа жіберіп, нәтижесінде алаяқтар 3 жылдан т4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”