Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқтар танымал тележүргізушінің атынан ақша табуға тырысуда (фото)

Тағы да желідегі алаяқтық! Танымал жұлдыздардың тауар жарнамалап тұрған күмәнді суреттері жиілеп кетті. Көп жағдайда, мұндай ақпараттардың авторлары ол адамды танымайды. Дәл осындай оқиға елге белгілі тележүргізушінің де басынан өтті.

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Народный контроль” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Тіпті, көпті көрген журналистер де алаяқтардың құрбаны бола алады. «Хабар» арнасы, кешкі жаңалықтар қызметінің тілшісі Назия Тұяқова желіні ақтарып отырып, бірден назарын аударған тақырыпты ашуға бел буған. Назияның әріптесі Майя Бекбаеваның сұхбатына көзі түседі. Онда тележұлдыз көз жанарынан айырылып қала жаздағанын баяндаған. Материалға сәйкес, көру қабілетін қалпына келтіруге тележүргізушіге таңғажайып дәрі көмектескен.

«Тапсырыс беру үшін әлгі сайтқа кірдім. Барлығы сауатты жазылған. Еш мін таппайсың. Ішіп көрдік деп пікір қалдырған адамдар да көп. Денсаулық үшін көруге тұрарлық деп ойладым. Тапсырыс бердім, артынша телефоныма хабарласты», – дейді Назия Тұяқова.

Телефон нөміріне қарап оның Мәскеуден хабарласқанын білуге болады. Қоңырау шалған сатушы есімін де атамастан жұмысына кіріскен. Ол Назияны тауарды артығымен сатып алуға көндірген-ді.

Бұдан кейін журналист өзіне хабарласқан нөмірді ғаламторға теріп іздеген. Сол арқылы ол өзіне хабарласқан сатушының ерлердің денсаулығын қалыпқа келтіруге арналған дәрі сататынын анықтаған. Алайда бұл жайттың өзі Назияны аса шошытпаса керек-ті. Ол тележүргізуші Майя Бекбаеваның әлгі сұхбаттан хабарсыз екенін білген.

«Мені ойымша, бұл жағдайда соттасу керек немесе қандай да бір іс-шара қолдану қажет. Ең өкініштісі, мұндай жалған ақпаратқа қарапайым адамдар сеніп қалады. Еңбектеніп тапқан ақшаларын түсініксіз препаратқа жұмсайды. Кейін ол дәрі көмектеспеген жағдайда маған ренжіп қалулары мүмкін», – дейді Майя Бекбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Рената Литвинова Земфира екеуінің тойына қатысты пікір білдірді

“Балаңызды ұрмаңыз”: Нұртас Адамбай 1,5 жасар ұлына қол көтергенін айтты

Әли: Талай аға әріптестерім қабылданбаған рөлге режиссер мені таңдады

Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)

Талқылау