Алаяқтар 115 қазақстандыққа заңсыз автонесие рәсімдеп 1,6 миллиард теңгеге алдап соққан
Астана полициясы 1,6 млрд теңге шығын әкелген алаяқтар тобын әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Полицияның мәліметінше, алаяқтар азаматтарды алдап, заңсыз автонесие рәсімдеген. Сондай-ақ кепілде тұрған көліктерді иелерінің және екінші деңгейлі банктердің келісімінсіз жақын шетелдерге сатып жіберіп отырған.
“Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полиция алаяқтыққа қатысы бар үш күдіктіні анықтады. Олардың кесірінен 115 азамат жапа шеккен. Келтірілген залал көлемі шамамен – 1,6 миллиард теңге”, – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары анықталған тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен қазақстандықтардан полицияға хабарласуын сұрайды.
Бұған дейін банк қызметкерін алдап кеткен алаяқтар қолға түскен еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан