Алакөлге дельтаплан құлап кетті: Зардап шеккендер бар (видео)
Жетісу облысында Алакөл төбесінен ұшып бара жатқан дельтаплан көлге құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адамды құтқарды.
Аман қалған ер мен әйел адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ.
Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты мәлімдеме жасады.
Ақмола облысындағы әуе апатынан кейін АН-2 ұшақтары түгел тексерілмек
"Бүгін 25 шілде кешкі 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазір зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр", – деп хабарлады комитет.
Министрлік сондай-ақ осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында дельтаплан құлап, ұшқышы көз жұмғаны туралы жазған едік.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
