Алаяқтар Алматыда сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелдің атынан қаражат жинай бастады

Алматыда желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланып, қоғамда резонанс тудырды. Алайда көп ұзамай алаяқтар әйелдің атынан ақша жинай бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәбиін көтеріп жүрген әйелдің суретін блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол әйелді Алматыдағы Брусиловский көшесінде кездестірген.
Оқыңыз“Кеше Алматыдағы Брусиловский көшесінде сәбиімен жүрген қызды көрдім. Оған деген құрметім артып, бұл туралы жазба жариялауды жөн көрдім. Жазба үлкен резонанс тудырды. Өкінішке қарай, оған жақындап барып көмек ұсынуды ойламаппын, қазір соған өкінемін. Оның үстіне, бірден қаражат жинау үшін фотосын жарияласам, адамдар мұны кезекті алаяқтық деп қабылдар еді. Оны біреу танып, тауып алып, көмек қолын созады деп үміттенемін”, – деп жазды блогер.
Жарияланым астында жүздеген қолданушы әйел мен оның сәбиіне көмектескісі келетінін жазды.
“Егер оны тапсаңыздар, оған алиментті ең жоғары мөлшерде өндіріп алуға тегін көмектесемін. Сонымен қатар балаға арналған қосымша шығындарды өтеуге де жәрдемдесемін. Өтінемін, оның байланыс деректерін беріңіздерші!”, – деп жазды қазақстандықтардың бірі.
Басқа қолданушылар нәрестеге арба мен қажет заттарды алып беру үшін қаражат жинауды ұсынды.
“Бұл қыз – нағыз батыр. Аптап ыстықта сәбиін арбасыз көтеріп жүр. Өтінемін, оны тапсаңыздар, осы жерге жазыңыздар. Балаға міндетті түрде арба алып беру үшін қаражат жинауды ұйымдастыру керек”, – делінген пікірлердің бірінде.
Кейбір желі қолданушылары ана мен балаға жанашырлық танытты.
“Бейкүнә балаға обал болды, ал әйелді шын жүректен аяймын”, – деп жазды олар.
Алайда көп ұзамай желіде алаяқтар туралы ескертулер пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, белгісіз адамдар фотодағы әйелдің атынан әрекет етіп, ақша сұрай бастаған. Ол үшін жалған аккаунттар мен жасанды интеллект көмегімен суре жасаған.
Кейін әйелдің суретін жариялаған блогер фотодағы әйелдің кім екенін әлі күнге дейін анықтай алмағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда полицияға көмектескен курьерге iPhone 17 мен 1 миллион теңге сыйға берілгені туралы жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді