Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатында қаза тапқан жолаушының анасы, яғни үшінші жәбірленуші де сотталушыға қатысты шағымынан бас тартты. Ол сотталушыға бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаза тапқан жолаушының анасы 21 наурыз күні таңғы сағат 9-да қызының қазасы туралы естіген. Содан кейін ол мәйітханаға мәйітті тануға барған. Оның айтуынша, қазір сотталушыға ешқандай талабы жоқ. Бәрінің заңға сәйкес болуын сұрап, соттың кез келген шешімімен келісетінін жеткізді.
Сондай-ақ сотталушының адвокаты сотқа жәбірленушінің арызын ұсынды. Онда ол айыпталушыға қатысты моральдық және материалдық талаптарының жоқ екенін, татуласу ерікті түрде жасалғанын көрсеткен. Ол соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
"Мен оны кешіремін және оған ешқандай талабым жоқ, болашақта да болмайды. Сот қалай шешсе, солай болады", – деді қаза тапқан қыздың анасы сот отырысында.
Сонымен қатар сотқа жол апатында қаза тапқан басқа да жәбірленуші отбасылардың ұқсас өтініштері ұсынылды.
Сотта жол апатының алдында дәмханада достарымен бірге отырған, сондай-ақ сотталушымен бірге болған куәгерден жауап алынды. Ол Zeekr көлігінің жүргізушісінің адал, шыншыл, әділ адам екенін айтып, оның тарапынан ешқандай заңға қайшы әрекеттер байқамағанын жеткізді.
Сотта сөз сөйлеген тағы бір қыз бұл дәмханаға келгенін, бірақ ондағы адамдарды танымағандықтан және олардың әңгімелері ұнамағандықтан, тез кетіп қалғанын айтты. Оның сөзінше, олар "басқа адамдар мен қыздар туралы сыртынан жағымсыз әңгімелер айтқан.
ОқыңызСудьяның "сотталушының ол кезде ішімдік ішкенін көрдіңіз бе?" деген сұрағына ол иә деп жауап берді.
Жол апаты туралы толығырақ
21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды.
26 наурыз күні депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол жариялаған видеода ер адам жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.
Бейресми мәліметтерге сенсек, ішкі істер органдарының қызметкері, полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Ұзабаевтың қатысы болуы мүмкін. Алайда полиция бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
Артынша, жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек