Пашинянның “Азаматтық келісім” партиясы жеңіске жетті: Тоқаев оны жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Армения премьер-министрі Никол Пашинянды “Азаматтық келісім” партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көптеген халықаралық байқаушының мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасалып өткен.
Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты.
Мемлекет басшысы армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Армениядағы парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жеткені туралы жазған едік. Енді оның “Азаматтық келісім” партиясы үкіметті жеке дара құрады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге
Оқыңыз