Белгілі режиссер Қуаныш Бейсек екінші рет шаңырақ көтерді

Қазақстандық танымал режиссер Қуаныш Бейсек өмірінің жаңа кезеңін бастап, екінші рет отбасын құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, сүйіктісімен түскен фото-видеоларды және қыз ұзату тойынан кадрлар жариялады.
Жарияланған кадрлардан қыз ұзату тойының Тараз қаласында өткені байқалады. Желі қолданушылары қалыңдықтың блогер Ажар екенін жазған.
ОқыңызОқырмандар бұл жаңалықты жылы қабылдап, жас жұбайларға ақ тілектерін арнап, бақыт тіледі.
Қуаныш Бейсек – қазіргі қазақ кино өнеріндегі танымал режиссерлердің бірі. Ол көпшілікке “Дәстүр”, “Ауру”, “Закладка” фильмдері және “Ирина Кайратовна” жобасындағы жұмысымен кеңінен танылды.
Еске салайық, бұған дейін Қуаныш Бейсек бірінші жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен былтыр сәуірде ажырасып кеткені хабарланған еді. Олар бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен.
“Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз”, – деп жазды режиссер.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек