Шымкентте бала 12 метрлік құдыққа құлап кеткен
Шымкентте 12 метрлік құдыққа құлап кеткен бала құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жеке үйдің аумағындағы терең құдыққа құлаған баланы құтқару операциясын жүргізді. Министрліктің мәліметінше, 14 жастағы бала кездейсоқ шамамен 12 метр тереңдіктегі құрғақ құдыққа құлап кеткен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар баланы арнайы жабдықты пайдаланып көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Әзірге баланың жағдайы туралы ақпарат жоқ.
"Дәрігермен танысқаным үшін 20 мың теңге төледім бе?": Қазақстандықтар жекеменшік клиникалардағы қайта қабылдау ақысына наразы
Мәселеге желі қодданушылары да үн қатты
Алматылықтар автобус мен метродағы адамдар кептелісіне шағымданды: Әкімдік мәселені қалай шешпек
Басқарма: "Қарбалас уақытта жолаушылардың 30%-дан астамы жол ақысын төлемейді"