“Ақжайнақ” әнін орындайтын танымал әнші алаяқтық жасады деп айыпталуда
Астанадағы полиция Департаменті ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Елорда Ақпарат басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Танымал әнші Амангүл Орынбасарқызы алаяқтық жасады деп айыпталуда.
“Астанадағы полиция Департаменті қылмыстық кодекстің 3 бөлімі, 190 бабы (кең ауқымды алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу кезінде 2018 жылдың шілде айында У есімді азаматшаның жеке басты аналарға, мүгедек жандарға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында “Ақжайнақ” атты қорды ашқаны анықталды”, — деп жазылған хабарламада.
Әнші халық туындысы “Ақжайнақ” әнінің орындаушысы ретінде қазақстандықтардың арасында танымал.
Полицияның мәліметінше, қорға 20 мың теңге салып тұра алатын адамдар шақырылған. Сонымен қатар, олар 5-10 күннің ішінде тағы да екі адамды ілестіріп алып келсе, салған ақшалары 40 мың теңге көлемінде қайтарылған.
“Тергеу жұмыстарының кезінде 2018 жылдың 18 шілдесіне дейін кімнің ақша салғаны, қаражатты екі есе көбейтіп қайтарғаны анықталды. Басқа адамдар ақшасыз қалды”, — деп ескерді полиция.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен