Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айнұр Ілиясова жол апатына түсті (видео)

Актриса Айнұр Ілиясова жол апатына түсті. Бұл туралы актрисаның өзі хабарлады. Желідегі оқырманына жылап тұрып жағдайын баяндады. Кейіннен сабырға келіп, бәріне амандық тіледі. 

"Күнім жақсы басталып еді. Бір көлік келіп қағып кетті. Енді көліктің алды сынып тұр. Алда не күтіп тұрғанын білмейсің деген осы. Бәріңізге амандық тілеймін", - деді Ілиясова. 

Актриса оқиға орнында оқырмандармен сөйлесті.

Жанкүйерлері сабырлық пен амандық тіледі.

"Бастысы басыңыз аман болсын", "Ондай болып тұрады, сабыр етіңіз", "Асығыстық шайтан ісі", "Бұны жай ғана оқиға деп қабылдаңыз, кімнің басында болмайды, келесіде абайлап жүресіз", "Кімнің кінәсі болды?", "Әйелдер қауымы көлікте байқап жүрсе екен, көп жол апатына себепші болады", - деп жазды олар. 


"Өте бай азамат": Айнұр Ілиясова күйеуі туралы сұхбат берді

Талқылау