Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеліктер зорлықпен өлтірілген 4 жасар Данил Ахуновпен қоштасты

Ақтөбе тұрғындары зорлықпен өлтірілген 4 жасар Данил Ахуновпен қоштасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон” басылымына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары "Үміт" балалар үйіне адамдар гүлдер мен ойыншықтар әкеліп жатыр.

Екі күн бойы полицейлер, еріктілер, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері 4 жасар Данил Ахуновты іздеген. Өкінішке орай, бүгін зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар баланың денесі табылды. Еріктілер сәбимен қоштасу шарасын ұйымдастыруды жөн көрген. Олар "Үміт" балалар үйінің ауласында мемориалдық бұрыш орнатты.

"Біз бұл балаларды туылғаннан бері білеміз. Оларға төрт жыл бойы көмектесіп келеміз. Олар отбасында болған кезде де, балалар үйіне келгенде де, әкелеріне қайтарылғанда да жандарында болдық. Биыл да сыйлық дайындадық. Дегенмен сыйлық берудің орнына,  із баламен қоштасға келіп отырмыз.



Данияр сабырлы, көңілді бала еді. Бүгін еріктілер мен оны іздеуге көмектескендердің барлығы “Үміт” балалар үйіне гүлдер мен ойыншықтар әкеліп жатыр. Даниярдың арамызда жоқтығы жүрегімді ауыртады. Оны іздеген, үміт еткен, дұға еткен баршаға тағы да рахмет", - дейді Zello Poisk волонтеры Екатерина Голотина.

Төрт жасар Данил Ахунов 28 желтоқсан күні таңертең жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, ол баланы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласына кіре беріске қалдырып, темекі алуға кеткен. Қайтып келгенде бала жоқ болып шыққан.

Еске салсақ, Ақтөбеде бір күн бұрын жоғалып кеткен төрт жасар баланың мәйіті табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау