Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жеткіншек әкесін өлтіріп жатқанда видеоға түсіріп алған

Ақтөбеде 8-сынып оқушысы әкесін қалай өлтіргенін видеоға түсіріп алды. Сотта жеткіншек кейін дәлелдеу үшін осылай жасағанын айтты.

1490939363_12

Бүл туралы “Актобе Таймс” хабарлайды.

Қайғылы оқиға 4 қаңтар күні Мельниченко отбасында болды. Анасы Наталья 4 баласымен бірге тұрады. Әкесі Сергей балаларын көруге келіп тұрады. Сергей сол күні 3 баласын ертіп қонаққа кеткен. Балалары 1, 6 және 8-сыныпта оқиды. Балалары қонақта теледидар көріп отырады. Әкесі мен үй иесі Виктор ішімдік ішеді. Анасы түнгі уақытта келіп балаларын алып кетпек болады.

Сотта Сергейдің әйелі мен балалы бар болғаны үшін Сергейге қызғанышы оянып, асүйде біраз уақыт отырғаны айтылды. Ол кейін пышақ алып келіп Сергейдің кеудесінен сұғып алған.

Бұл сәтке Сергейдің үш баласы да куә болды. 8-сынып оқушысы Евгений телефонын қосып, видеожазбаға түсіріп алады.

«Мен осы кезді видеоға түсірмек болдым. Қорыққанымнан 10,15 секунд қана түсірдім. Кейін дәлелдеу керек болды. Біз пышақпен бір рет сұққан соң түсіре бастадық. Әкем орынан тұрып еді Виктор: «Сенің өмір сүргің келе ме, жоқ па?» деді де тағы да жүрек тұсынан пышақ сұғып алды. Бізге де бірнәрсе жасай ма деп қорықтық», – дейді Евгений Лобанов.

Жарақат алған ер адам пәтерден қашып шығады. Пышағы дәлізде құлап түседі. Есі шыққан балалар анасымен бірге подъезден қашып шығады. Олар бірінші қабатта әкесінің жерде жатқанын көреді. Анасы көршілерден жедел-жәрдем шақыруын сұрайды. Алайда ер адам көз жұмды. Енді сотта түсірілген таспаны көретін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда зейнеткер бірге тұратын әйелін өлтіріп екі тәулік мәйіттің қасында отырған

Алматы облысындағы көпқабатты үйде 17 жастағы қызды өлтіріп кетті

Қарағанды облысында ағайынды екі жігіт өзенге батып мерт болды

Талқылау