Қарағандыда зейнеткер бірге тұратын әйелін өлтіріп екі тәулік мәйіттің қасында отырған

63 жастағы қарағандылық өзімен бірге тұратын әйелді өлтіріп, мәйіттің қасында екі күн отырған.

nozh_2

Бұл туралы “Криминальные новости” хабарлайды.

Үш жыл бұрын 63 жастағы Яков Погодин басынан ауыр соққы алады. Операция жасатқаннан кейін ем курсын алған соң, оған спиртті ішімдік ішуге мүлде тыйым салынады.

Погодиннің қыздарының айтуынша, жалғызбасты зейнеткердің қасында Раиса Суровцева есімді әйел пайда болған. Ол әйел ішімдікке біртабан жақын болып, ақырында Погодин де дәрігерлер айтқан кеңесті аяқ асты етеді.

Оның әйелді өлтіріп тастағаны туралы зейнеткердің қызы бірінші біліпті.

“Әкеме телефон шалып едім, ол тұтқаны көтермедім. Мен алаңдап, күйеуім екеуміз пәтерге келдік. Ол есікті ашпай, біз ұзақ қақтық. Мен әкеме бір жағдай болып, ол тұра алмайтындай халде деп ойладым. Дереу полицей мен төтенше жағдай қызметкерлерін шақырттық. Құтқарушылар үйге терезе арқылы кірді. Әкемді көрген кезде мен оның есі дұрыс емес екенін біле қойдым, бір-біріне қабыспайын нәрселерді айтып жатты”, – дейді әйел.

Зейнеткердің қасында Раиса Суровцеваның мәйіті жатыпты. Ол әйелді әбден ұрған. Әйелдің қанынан концертратты этил спирті табылған. Зейнеткер де сондай алкогольді мас күйде болған.

Яков Погодиннің әрекетіне қатысты психо-психатриялық сараптама тағайындалып, қылмыскер-зейнеткер мамандандырылған арнайы медициналық мекемеге орналастырылған. Зейнеткердің бас миының жұмысының бұзылуына байланысты, ол психологиялық тұрғыда ауытқушылыққа ұшыраған.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында жүргізуші жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді қағып кетті

Қарағандыда көлік қар суына батып, үш адам қаза тапты

Ақтөбелік әйелін 41 жерінен пышақтап, денесін дәретханаға тығып қойған

Әйеліне сөзін өткізе алмаған күйеуі өзін өртеп жіберді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр