Алматы облысында жүргізуші жолдан жүгіріп өтпек болған әйелді қағып кетті
Алматы облысында жүргізуші жолдан жүгіріп өтпекші болған әйелді қағып кетті. Тыйым салынған жерден өтіп, жол тәртібін бұзған әйел оқиға орнында көз жұмды.

Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында Toyota Carina E автокөлігі Талғар трассасымен шығысқа қарай бет алған.
«Азия» минимаркетінің алдында әйел тыйым салынған жерден жолдан өтпекші болған. Оны байқамай қалған көлік жүргізушісі қатты соққымен қағып кетті. Әйел алған жарақатының салдарынан жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмған. Әзірге мерт болған әйелдің кім екені белгісіз.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған