Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік жастар өздерінің үйлену тойында тұрмысы төмен отбасыға үй сыйлады

Ақтөбеде жастардың тойында табысталған пәтер тұрмысы төмен отбасыға сыйға тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aktobenews.kz порталына сілтеме жасап.свадьбаСурет: aktobenews.kz сайтынан

Отбасы құрып жатқан ер азамат - Ақтөбе облысының "Харекет" қорының өкілі Нұрболат Елеусізов. Осы уақытқа дейін қайырымдылықпен айналысып, жағдайы нашар жандарға көмек қолын созып жүрген ол үйлену тойында да игі іс жасады. Ол айтулы күні өзіне сыйланған үйдің кілтін жалғызбасты ана Әсияға табыстапты. Әсия өз қамқорлығына балаларынан бөлек, мүгедек екі әпкесі мен ауырып жатқан анасы алыпты. 

"Біз жұбайым екеуміз "Харекет" қоры сыйға берген екі бөлмелі пәтерді бізге қарағанда осы пәтерге көбірек мұқтаж Әсиға берсек пе деп отырмыз. "Әрбір әстің қайыры бар" демекші қайырымдылық жасап жалықпайық", - депті Нұрболат Елеусізов пәтердің кілтін табыстап жатқан сәтінде. 

Қазіргі күні бүкіл Қазақстан бойынша "Харекет" қайырымдылық қоры 165 үйдің сыйға тартқан. Ақтөбенің өзінде қайырымды жандар 13 пәтер сыйлап үлгеріпті. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр