Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан

Азаматтық алғың келсе, қайта тұрмысқа шық! 8 жыл бұрын Өзбекстаннан оралған егде жастағы әйел ақтөбелік көші-қон мамандарынан осындай кеңес естігенін айтады.

Самайын ақ шалған Рысгүл Өтегенованың қолында әлі күнге не ықтиярхаты, не азаматтығы жоқ. Қайда барып, кімге шағымданарын білмей дал болған тұрғын Еуразия бірінші арнасына жүгінді.

«Неке дегенде, ол өзі жасы келген кісі, жас адам емеспіз ғой, некеге келмейді, тұрмысқа шық деп айта алмаймыз» – дейді кейуананың баласы.

Есен – Рысгүл апайдың сүт кенжесі. Азаматтық алу үшін анасын қайта күйеуге беру деген ақылға сыймайтын кеңес екенін айтады. Әкелері дүниеден өткеннен кейін бауырларымен бірге 8 жыл бұрын атақонысқа көшіп келіпті. Ұлты қазақ болғандықтан елге келген бойда азаматтық алған, ал Рысгүл апайдың қолына «Оралман отбасының мүшесі» деген бір жапырақ қағаз ұстапты. «Көші-қондағылар бес жылдан кейін Қазақстан төлқұжатын еш кедергісіз аласыз дегенге сеніп, алаңсыз жүре бердім» дейді ол.

«Төрт қазақты әкеліп отырмын ғой енді, өзім қарақалпақ болсам да. Енді маған беруіне болатын шығар деп ойлаймын. Квота берді, маған айтты. Мына паспортыңды бес жылдан кейін өзгертесің, апа деді. Бес жылға дейін осы паспортыңмен жүре бер деді. Өзбекстанда өзгеріп кетті, бұл жақта заң шығып кетті, уже содан кейін басқаша болып кетіп тұр» – дейді қала тұрғыны Рысгүл Өтегенова.

Көрші елде құжат алмасып жатқандықтан Рысгүл Өтегеноваға Өзбекстанға барып келуге кеңес беріпті. Алайда, шекараға жеткенде қолында ықтияр хаты болмағандықтан кері қайтарған.

«Бізге ана жақта мына паспорт өзгеріп жатыр екен, Өзбекстанда жаңа паспорт шығып жатыр, заңдары өзгеріп жатыр деді. Онда Өзбекстаннан барып паспорт ауыстырып әкелейік дедік, маманы жібердім. Мына қағазды жолдан пограндар қайтарып жіберген, Қазақстан шекарасынан қайтарған» – дейді ұлы Есен Кәрімбаев.

Қазір Рысгүл апайдың бар уайымы зейнеткерлікке шыға алмай қаламын ба деген қауіп. Онсыз да құжаты болмағандықтан не жұмысқа тұра алмай, не дәрігерлерге қарала алмай жүр екен. Дегенмен, көші қон басқармасындағылар тығырықтан шығу үшін Өзбекстан асудың қажеті шамалы, деп отыр. Тұрақты жері Ақтөбе қаласы болғанымен ықтияр хатты Алматыдағы Өзбекстан елшілігіне барып ресімдеу керек, дейді .

«Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне жолдануы керек. Осыдан кейін жаңа үлгідегі төлқұжат алғаннан кейін ол ҚР тұрақты тұруға рұқсат берген ықтияр хатқа құжаттандыратын болады. Ескі үлгідегі ҚР құжаттары 2018 1 шілдесіне дейін жарамды» – дейді облыстық ІІД Көші-қон басқармасының инспекторы Әйгерім Қартова.

Азаматтық алуды да сол елшілікте шешуге болады екен. Мамандар ол үшін Рысгүл Өтегенова “Өзбекстан Республикасының азаматтығынан бас тартамын” деген өтініш тапсыру керек деп отыр. Құжат шамамен жарты жылдың ішінде дайын болмақ.

Тағы да оқыңыз:

Өтірік өліп жатқан қасқыр өзін тепкен ер адамды талап тастады (видео)

Ақтөбелік жігіт балконға кранмен көтеріліп ғашығына сөз салды (видео)

 

Талқылау