Ақтөбедегі тау базасында қармен жүретін көлік апаты орын алды: Әйел адам мерт болды
Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында қармен жүретін көлік бірнеше адамды қағып, нәтижесінде адам өлімі орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

28 қаңтарда сағат 15.30-да “Тау” демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала Lynx маркалы қарда жүретін көлікті басқара отырып, жабдықталған қарлы тау аймағында тұрған адамдар тобына соқтығысты.

“Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды, 49 жастағы ер адам және бес кәмелетке толмаған бала, олардың арасында бір жасар бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу жүргізуде", – делінген хабарламада.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды