"Үйлеріңізден шығуды сұраймын": Ақтөбедегі су қоймасының жарылу қаупіне байланысты қала әкімі ескерту жасады
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімнің айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.
"Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға келісім беріп, үйлеріңізден шығуды сұраймын", – деді әкім.
Еске салсақ, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан үйлерi зақымданған қазақстандықтарға көмек көрсету үшiн мемлекет бюджетінен қанша теңге бөлiнетiнiн айтқан еді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан