Ақтөбедегі Бергей Рысқалиевтің зәулім үйін әлі күнге дейін күзетшілер күзетеді
Ақтөбедегі Бергей Рысқалиевтің зәулім үйін әлі күнге дейін күзетшілер күзетеді. Биік дуалдармен қоршалған сарайда алты жылдан бері Лондонда бой тасалап жүрген Атырау облысының экс – әкімі Бергей Рысқалиевтің 80-ге келген анасы тұрады.
Күзетшілердің айтуынша, Рысқалиевтің анасы қалада жоқ. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Бергеймен кездестім деген саясаткер Серікжан Мәмбеталин экс-әкіммен бірге түскен суретін жариялаған еді, деп хабарлайды 31 арна.
Ал 24 – ақпанда ұлттық бюро Бергей Рысқалиев пен оның ағасы экс-депутат Аманжан Рысқалиев 2 наурызға дейін Астанадағы бюро ғимаратына тергеу амалдарын жүргізу үшін келуі тиіс деген хабарлама таратқан.
Оларға қызмет бабын асыра пайдаланды, қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын жымқырды деген айыптар тағылған. Рысқалиевпен Лондонда кездестім деген Мәмбеталин оның Қазақстанға келе алмайтынын, тек Skype арқылы жауап бере алатынын жазған болатын.
Тағы оқыңыз:
Балқашта 3 жасар баланы өлтіріп тастаған
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ