Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жүзге жуық студент мемлекеттік емтихан нәтижесіне наразы

Ақтөбе медицина университетінің студенттері тест нәтижесіне наразы. Интернатурада оқитын студенттерге тест нәтижелерін жойып, емтиханды қайта тапсыру ұсынылды. Бірақ түлектер бұған келіспей отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Болашақ дәрігерлердің мемлекеттік емтиханы төңірегінде жанжал шықты. Ақтөбе медицина университетінің студенттері тест нәтижесіне наразы. Барлығы дерлік шекті баллдан сәл жоғары ұпай жинаған.

Жастар жалпы практикадағы дәрігер деген дипломдарын алмақшы. Көбі бір сала маманы болу үшін оқуын жалғастырмақ болып, бір күн бұрын сынақтан өтті. Дегенмен тапсырған емтиханннан көбі шекті ұпайды әрең жинаған. Медицина студенттері тест нәтижелеріне шағымдануды талап етеді.

“400 студенттің барлығының мұндай балл алуы мүмкін емес. Біз олардың жауапты көрсеткенін қалаймыз және біз қандай сұрақтардан қателескенімізді білеміз. Біз тек себебін білгіміз келеді және барлығының шынайы болғанын қалаймыз”, – деді интерн Гүлжамал Сағидуллаев.

Мұндай жағдай еліміздің барлық медициналық жоғары оқу орнында орын алған дейді ақтөбелік студенттер.

Түлектер емтихан жүйесі сәтсіз болды деп күдіктенеді. Тест нәтижелері 60-70 балл аралығында. Мұндай баллмен резидентураға түсе алмаймыз дейді түлектер.

“Біз қайтадан мемлекеттік емтихан тапсыра алмаймыз. Осы төмен баллдармен біз жыл сайын резидентураға құжат тапсырамыз, бірақ мүмкіндік азайа береді. Өз басым 90 ұпай жинадым деп ойладым”, – дейді Еңлік Жастілек.

Оқу орнының басшылығы түлектердің 90 пайызы бірдей ұпай жинауының себебін анықтап жатыр.

Тестілеудің бірінші кезеңін тәуелсіз емтихан орталығы жүргізді. Болашақ дәрігерлердің жаппай сәтсіздікке ұшырағанын білген орталық мамандары өз болжамдарын алға тартты.

“Сірә, тағылымдамадан өтушілердің бірі емтихандағы тест тапсырмаларының дерекқорын ойлап тапқан, олар бұл ақпаратты Қазақстандағы барлық түлектерге таратып жіберген. Бұл деректер базасы 100% емтихан базасы деп үміттенген”, – дейді Оспанов атындағы ЗҚМУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Роза Нұрғалиева.

Тестілеуден соң 40-қа жуық адам апелляциялық шағым түсірген. Қазір интерндер мен олардың ұстаздары жүйеде олқылық болды ма, әлде болашақ дәрігерлердің шынайы білімі осындай болды ма, тексеріп жатыр.

Талқылау