Ақтөбеде жүргізуші екі баланы қағып, артынша қашып кеткен
Ақтөбелік жүргізуші көшеде екі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда балаларға еш көмек көрсетпей кетіп қалған жүргізушіні полиция іздеуде. Полиция мәліметінше, "Hyundai" маркалы автокөлік мінген жүргізуші Ораз Тәтейұлы мен Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында балаларды қағып кеткен. Полицияны жол-көлік оқиғасының куәгерлері шақыртқан. Балалар облыстық ауруханаға жеткізілген.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының кінәлісін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полиция департаменті осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерін 102 нөміріне хабарласуды сұрайды", – деді ПД өкілдері.
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам бірдей қаза тапты
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"