Ақтөбеде жеке үй өртеніп, екі бала қайтыс болды
Ақтөбе қаласында үй өртеніп, 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04:08-де тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
"Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04:41-де оқшауланып, 04:49-да сөндірілді. Өрттің ауданы 40 шаршы метр", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына берілген 20 миллион теңгені кім алды: Әкімдік жауап берді
Марқұмның мүлкіне қатысты мәселелер заң талаптарына сәйкес нотариус арқылы рәсімделген
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған